Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан ғалымдары мысықты коронавирустан қорғайтын вакцина әзірледі

22 October 2021 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ғалымдары мысықты коронавирустан қорғайтын вакцина әзірледі. Бұл жайында Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, елордада өтіп жатқан Kazagro/Kazfarm-2021 халықаралық көрмесінде мысықтарға арналған COVID-19-ға қарсы жаңа суббірлікті NARUVAX-C19 (pets) вакцинасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке таныстырылған.




«Өкінішке қарай, біздің кейбір үй жануарымыз, оның ішінде мысықтар бұл инфекцияны жұқтыруға бейім әрі осынау зұлым вирустың мутациясына өз үлесін қосу қаупі де жоғары. Әлемдегі кейбір фрамацефтикалық алып компаниялар жануарларға арналған COVID-19 вакцинасын әзірлеп жатыр. Мысықтарға арналған біздің COVID-19 вакцинасын әзірлеумен ҚР АШМ Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының, ҚР ДСМ Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылым орталығының ғалымдары айналысты. Екі мәрте иммундау режимінде NARUVAX-C19 (pets) мысықтарға толығымен қауіпсіз, сонымен қатар SARS-COV-2 вирусынан қорғанысты қамтамасыз етті. Сонымен қатар ол COVID-19 вирусының дельта нұсқаларына қарсы бейтараптандырушы антидененің жоғары титрінің қалыптасуына сеп болды», - деді ол.

Сонымен қатар Қайсар Табынов бейінді ведомство – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғалымдардың бұл жұмысына толықтай қолдау көрсетіп отырғаны қуантатынын атап өтті.








Up