Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында тағы да жеңіліп қалды

21 May 2022 01:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы бүгін кезекті ойынын Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесу тартысты өтті. Бірінші кезеңде қазақстандық құрама сапынан Кирилл Панюков 15, Дмитрий Шевченко 17-минуттарда мергендік танытса, оған словакиялық Андрей Коллар бір шайбамен ажуап қайырды.

Екінші кезеңде словакиялық құрама қатарынан үш шайба соғып кетті. Олардың қатарынан Мартин Фегервары 29, Адам Лишка 33, Юрай Слафковски 34-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Үшінші кезеңді қазақстандық хоккейшілер сәтті бастады. Ойынның 43-минутта Кирилл Панюков тағы бір мәрте гол соғыпғ есеп айырмасын қысқарта түсті. Кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберді.

Енді олар алдағы ойынын 22 мамырда Германияға қарсы өткізеді.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтіп жатыр

Қазақстан құрамасы А тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Дания, Франция, Швейцария және Канада құрамаларынан жеңілді.



Up