Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Беларусь құрылыс бағасын мемлекеттік деңгейде салыстырады

13 July 2021 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екі ел құрылыс объектілері құнын салыстырудың мемлекетаралық стандартын әзірлеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, үнемі қадағаланатын және салыстырылатын 100 баға құраушы құрылыс материалы анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық дами министрлігінің мәліметінше, жалпы бағаға жасалатын талдау Қазақстан мен Беларусьтің бірлескен құрылыс жобаларына қатысуы үшін қажет болады.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі республикалық ғылыми-техникалық орталықпен (РҒТО, Беларусь) бейнеконференциясы барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді.

Екі ұйым да мемлекеттік деңгейде баға белгілеу және ақпараттық модельдеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

Сарапшылар Қазақстан мен Беларусьтың үлгілік жобаларға, технологиялық карталарға салыстырмалы талдау жүргізуге, баға белгілеу жүйесін қалыптастыру және ақпараттық модельдеуді енгізу тәсілдерін зерделеуге келісті.


Up