Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда қанша адам ревакцинациядан өтті

18 January 2022 09:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде қанша адам ревакцина алғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика бойынша ревакцинацияға жататын халықты қамту 26,8 пайызды құрап отыр. 800 мыңнан астам адамға екпе егілді», - деді министр.

Оның дерегінше, үш өңірде, атап айтқанда Атырау, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қамтылу деңгейі өте төмен.

Небәрі 13 пайыздан 17 пайызға дейін ғана.

«Барлық өңірлерде вакцинация мен ревакцинация қарқынын арттыру қажет. Бұл - бүгінгі күні ауруханаға түсудің, коронавирус инфекциясынан болатын ауыр ағым мен өлімнің алдын алудың жалғыз тәсілі саналады», - деді Ажар Ғиният.


Up