Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 13 адам қайтыс болды

1 August 2021 09:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 275 адамның науқастанғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ аталмыш дерттен 13 адам қайтыс болып, 108 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 61168 адам ауырып, 3724 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 54658-ге жетті.


Up