Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жұмыс іздеген заңгер мен қаржыгерлер көбейді

11 October 2021 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен айда Қазақстанда жұмыс іздеген заңгерлер мен қаржыгерлер көп болды. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыркүйек айында біліктілікті талап ететін кәсіптер арасында заңгерлер (331 бос орынға қарсы 790 түйіндеме), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (1,3 мың түйіндеме және 965 бос орын), сондай-ақ қаржыгерлер (238 түйіндеме және 24 бос орын) артық болды. Біліктілікті талап етпейтін арасында вахтерлер мен елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар арасында жұмыс орындары үшін жоғары бәсекелестік байқалады», - делінген ортаоық мәліметінде.

Жұмыс берушілерді қарастыратын болсақ, білім беру, ауыл шаруашылығы және басқа да қызметтер саласындағы, сондай-ақ статистика және әлеуметтану саласындағы кәсіпорындар Электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындарының ең көп санын жариялады.

Өңірлер бөлінісінде білім беру саласындағы кәсіпорындар Алматы (3,6 мың бос жұмыс орны), Ақтөбе (2,7 мың), Қарағанды (2,3 мың) облыстарында және Нұр-сұлтан қаласында (2,3 мың) жоғары сұранысқа ие болды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Түркістан (3,5 мың), Алматы (2,3 мың) және Жамбыл (1,6 мың) облыстарында бос орындардың көбірек санын орналастырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қыркүйек айында білім беру саласындағы мамандарға деген сұраныс артып отыр. 18 мыңнан астам бос жұмыс орны тікеліп, бұл мектептерде, колледждерде және ЖОО-ларда дәстүрлі оқыту форматына қайта оралуға байланысты қалыптасты.

Айта кетейік, қыркүйек айында елімізде автокөлік жүргізушілері, тәрбиешілер, жүк тиеушілер тапшы болды.


Up