Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен

28 May 2022 14:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық туристтер тауға жорық кезінде Қырғызстан шекарасынан заңсыз өткен. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Алматы облысы департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Туристер мына маршрут бойынша жүрген: Дулати даңғылы – «Іле-Алатау» МҰТП экопосты - Үлкен Алматы көлі - Космостанция - Турист шыңының солтүстік-батыс беткейі - Проходное шатқалы - Алагир өзенінің оң саласы - Проходная өзені - Проходная асуының кең аңғары.

Шекара басқармасының өкілдері аталған маршрутта шекарадан өту орны көрсетілген ақпараттық таблолар, «шекаралық аймақ» деген жазуы бар көрсеткіш бағаналар бар екенін, бұдан басқа ҚР Мемлекеттік шекарасы шекаралық белгімен белгіленгенін еске салды.

Осыған ұқсас заңбұзушылық дерегі 2021 жылы да тіркелген.

«Былтыр 6 адамға қатысты ҚР мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Up