Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға бір тәулікте 41 халықаралық әуе рейсімен бес мыңнан аса жолаушы келді

23 September 2021 10:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға өткен тәулікте 41 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстанға Германия, БАӘ, Грузия, Тәжікістан, Түркия, Египет, Оңтүстік Корея, Черногория, Азербайжан, Греция, Ұлыбритания, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 41 халықаралық әуе рейсімен 5 180 жолаушы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 761 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 811 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 96 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 5 рейс, 323 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 3 рейс, 466 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 3 рейс, 412 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 65 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 240 жолаушы;

Тараз қаласының әуежайына - 1 рейс, 6 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Up