Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға қай елдерден ең көп инвестиция тартылды

29 November 2021 14:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік жылдарында елге 670 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициясының ағыны 11,1 млрд долларды құрап, былтырғы деңгейден 30 пайызға жоғары болды. Елдер арасында инвестициялар көбіне Нидерландыдан тартылды. Биылғы жарты жылда осы елдің үлесі 29,6 пайыз болды. Екінші орында 18,8 пайыз көрсеткішпен АҚШ тұр. Одан кейінгі орындарда Швейцария, Ресей, Ұлыбритания», - деді ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров Тәуелсіздік жылдарында елге 670 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын айтты.

«Бірінші орында 200 млрд доллар көрсеткішпен Нидерланды, ал екінші орында 90 млрд долларға жуық сомада АҚШ, сондай-ақ үшінші орында 55,8 млрд доллар көлемдегі қаржымен Швейцария тұр», - деді Ә. Әбдіқадыров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әлішер Әбдіқадыров пандемияның шектеу іс-шаралары жағдайында жаһандық тікелей шетел инвестициялары ағындары 35%-ға төмендегенін айтты.

Биыл Қазақстанға 20 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ.


Up