Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазығұрт ауданында жоғалған 3 жасар бала табылды

23 June 2021 14:45

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері жоғалған 3 жасар баланы тауып, анасымен қауыштырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 3 жасар ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

Содан соң тәртіп сақшылары хабар жетісімен жолға шығып, оқиға орнына келді.

Баланың анасынан барлық мән-жайды сұрап, баруы мүмкін деген аймақтардың барлығын тексерді.

Туған-туыс, көршілерінің үйіне барып, жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде тұрғылықты үйінен бір көше беріден жоғалған бүлдіршінді тауып, анасына аман-есен табыстады.

Белгілі болғандай анасы үлкен қызы мен 3 жасар ұлын үйіне қалдырып, базарға шығып кеткен. Арада бірер сағат өткен соң үйіне келгенде ұлының жоқтығын көрген.

Осылайша оны өз бетінше іздеген. Алайда еш нәтиже шықпаған соң тәртіп сақшыларына хабар берген. Ал полиция қызметкерлері аз уақыттың ішінде жоғалған баланы тапты.

«Базарға азық-түлік алуға шығып кеткен болатынмын. Ұлымды қызыммен бірге қалдырған едім. Базардан келсем балам үйден шығып кетіпті. Өзім іздеп таппай, полиция қызметкерлеріне хабарластым. Олар бірден тауып берді. Тәртіп сақшыларына үлкен рақмет!»-деп, аналық алғысын жаудырды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.


Up