Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кей еркектер «әйелдерге арналған вагон құқығымызды шектейді» деп шағымданған

17 May 2022 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде әйелдерге арналған пойыз вагондары қызметіне қатысты шағым түсірген жағдай тіркелді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйелдерге арналған вагондардың іске қосылуына байланысты құқығымыз шектелді деп шағым жазған ер адамдар болды. Әйелдер арнайы вагондардың болуын қуана қабыл алды. Өз кезегінде ер адамдар да мұндай жаңашылдықтарды қолдауы тиіс. Ұзақ сапар кезінде әйелдерге кеудесін жауып отырып бала емізуге тура келеді. Бұл ыңғайсыздық туғызады», - деді Қайсар Жұмабайұлы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен бейресми кездесуде.

Аталған ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, бүгінде әйелдер вагоны 3 өңірде 8 бағыт бойынша қатынайды.

Атап айтқанда, Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Алматы – Ақтөбе және Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыттары.

Еске сала кетсек, өткен жылдың күзінен бастап кейбір пойыздарда тек қана әйелдерге арналған вагондар іске қосылды.

Бұған дейін пойыздарда оқыс жағдайда көмек шақыру үшін SOS батырмасы пайда болатынын хабарлаған едік.


Up