Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда өзіне қол салмақ болған 2 бойжеткен құтқарылды

22 April 2021 18:58

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда жол полициясының қызметкері құрылысы салынып бітпеген ғимараттан секіріп көз жұмбақ болған екі бойжеткеннің өміріне араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 20 сәуір түнгі сағат 23:45 болған. Омбы бағытындағы күре жолдың бойындағы құрылысы салынып бітпеген ғимараттан белгісіз қыздар секірмекші болған.

«Айтылған жерге бірден Көкшетау қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Айбек Балғожин бастаған «Әскер-6» автопатрулінің экипажы полицияның аға лейтенатты Асхат Оразғалиев және аға сержант Алтынбек Тәкенов жетті. Тәртіп сақшылары қыздарды сабырға шақырып, райынан қайтаруға тырысты. Анықталғандай, суицид жасамақшы болған қыздар көкшетаулық масаң күйде болған. Жастары 22 және 19 жастағы қыздар ата-анасы және жігіттерімен ұрысып қалған. Екеуі де емдеу мекемесіне жеткізілді», - деді ведомстводан.


Up