Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Жоғарғы сотының үш судьясы сайланды

24 June 2021 10:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп Жоғарғы сот судьялары лауазымына кандидат ретінде Герман Нұрбаевты, Ербол Өмірәлиевті, Дана Тоқмырзинаны таныстырды.

Осы орайда аталған кандидаттарды сайлау туралы Сенат қаулысы дауыс беруге шығарылды.

Палата депутаттары ашық дауыс беру арқылы аталған кандидаттарды қолдау туралы шешім шығарды.

Жаңа қызметке сайланған судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.


Up