Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында 120 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді

21 June 2021 20:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған азаматтар саны 120 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды. Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар 120 мыңнан асса, екінші компонентін 66 мыңнан астам адам салдырды.

«Екпе қабылдаған азаматтар қатарында педагогтер – 26, медицина қызметкерлері – 13, құқық қорғау органдары қызметкерлері – 5, мемлекеттік қызметшілер – 4, студенттер 3 адамды құрайды. Оған қоса вакцина салдырғандар қатарында жұмыссыздар, зейнеткерлер мен кәсіпкерлік саласының өкілдері бар. Өңірде созылмалы сырқаты бар 844 адам екпе қабылдаған. Айта кетерлігі, 70-86 жас аралығындағы бірқатар егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакциналанды. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Қазір облыс көлемінде 19 екпе кабинеті және 10 жылжымалы егу бригадасы жұмыс жасайды. Вакцинация кабинеттері демалыс, мереке күндері де үздіксіз қызмет көрсетеді. Тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax», «Корона Вак» вакциналарының бірін таңдай алады. Екпенің жеткілікті қоры барлық медицина ұйымдарында жасақталған.


Up