Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысында биыл дерматомикоз ауруына шалдыққандар көбейді

28 May 2022 08:30

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері дерматомикоз ауруының 106 жағдайы тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10 жағдайға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дерматомикоз адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын аурулар тобына жатады.

Аталған аурудың түрімен ересек адамдар да, балалар ауырады.

«Инфекция көзі – ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.

Облыста жыл басынан бері дерматомикоз ауруының 106 жағдайы тіркелген. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 10 жағдайға көп. Аудандар бойынша мұндай жағдай Жалағаш, Жаңақорғанда көп тіркелсе, Қызылорда қаласында да көп кездеседі», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомство мәліметінше, тіркелген аурудың 94 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиіп отыр. Эпидемиологиялық зерттеу барысында олардың 90,4 пайызы ит-мысықтар арқылы, 9,5 пайызында қарым-қатынас арқылы жұққан.

Еске салсақ, Қызылордада бір адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды.



Up