Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада балалар үйінен жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

24 July 2021 20:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада балалар үйінен жоғалып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар үйінің қызметкерлері арызданды. Онда аталған мекемеде тәрбиеленіп жатқан 17 жастағы екі жасөспірімнің балалар үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы айтылған.

«Оларды іздеу жұмыстарына ювеналды полиция, патрульдік полиция жасақтары жұмылдырылды. Үйлердің шатырлары мен аулалары, құрылыс жүріп жатқан обьектілер назарға алынды. Мекемелердің аулалары араланып, тұрғындардан сұрастыру жүргізілді. Әлеуметтік желіде ақпараттар таратылды. Нәтижесінде жоғалған жасөспірімдер табылып, балалар үйіне аман-есен тапсырылды. Кәмелет жасына толмаған балалардың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, биылғы жылдың наурыз айында аталған балалар үйінен үш қыз жоғалып, кейіннен олар аман-есен табылған болатын.


Up