Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Маңғыстауда мектеп түлектері туып-өскен ауылына ту орнатып берді

29 May 2022 15:21

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда мектеп түлектері туған ауылына ерекше тарту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейнеу ауданына қарасты Есет ауылындағы мектептің 2002 жылғы түлектері ауыл орталығына ту тұғырын орнатты.

Бейнеу ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ту тұғырының биіктігі - 9 метр. Жалпы ауданы 36 шаршы метр аумақты алып жатыр.

Қазақы ою-өрнекпен безендіріліп, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жарақтандырылған.

25 мамыр күні ашылу салтанаты өтіп, оған ауыл тұрғындары мен ақсақалдары, ардагер ұстаздар мен мектеп түлектері қатысты.

- Мектебіміздің 20 жылдық түлектерінің атынан ту тұғырын орнату жөнінде бірнеше күн бұрын ұсыныс түскен болатын. Қуана қабылдап, тұғыр орналасатын жерін белгілеп, құжаттарын реттедік. Түлектердің бұл сыйы ауыл тұрғындарының көңілінен шықты. Енді бұл ауылымыздың сәнін келтіріп, көгімізде көк байрағымыз желбіреп тұратын болады, -дейді Есет ауылының әкімі Амандық Ізбасаров.


Up