Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік білім грантына құжат тапсыру мерзімі 26 шілдеге дейін ұзартылды

25 July 2021 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік білім грантына құжат қабылдау мерзімі тағы бір күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі грант тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 25 шілдеде аяқталады деп жоспарлаған болатын.

«Алайда талапкерлерден құжат қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер келіп түсті. Өйткені құжат тапсырудың соңғы күні жексенбіге келеді. Осыған байланысты БҒМ құжат қабылдауды тағы бір күнге – 26 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Құжаттар жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданатынына назар аударуларыңызды сұраймыз» делінген хабарламада.

Талапкерлердің денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Олардың көмегімен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн форматта тапсыруға болады.

Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі мына сілтемеде.


Up