Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік күзет Президенттік оркестрі Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады

19 June 2021 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Медициналық қызметкерлер күні мерекесіне орай концерт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсету мәселесін іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы генерал-полковник Қ.Н.Қасымовтың арнайы тапсырмасы бойынша, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің былтырдан бері әлемде орын алған коронавирус індетімен күрес кезіндегі қажырлы да жанқиярлық еңбегіне алғыс білдіру және Медицина қызметкерлері мерекесі құрметіне орай, ағымдағы жылғы 17 және 18 маусым күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында және Ұлттық ғылыми медициналық орталығында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық әкімдігінің аудандық ауруханалардың үздік медицина қызметкерлеріне құттықтау іс-шарасында мерекелік концерт көрсетті.








ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің эстрадалық симфониялық ансамблінің әртістері, ән және эстрада ансамблінің солистері мен халық аспаптары ансамблінің әртістері өз өнерлерін көрсетіп, дәрігерлер мен медбикелердің, осы ауруханалар пациенттерінің ыстық ықыласына бөленді, ал үрмелі аспаптар оркестрі музыканттарының дефиле көрсетілімін көрермендер ду шапалақпен қарсы алды.











Up