Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мұғалімдерді басқа жұмыстарға жеккені үшін 200-ден астам іс қозғалған

20 October 2021 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мұғалімдер мәртебесінің қалай қорғалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін тиісті заң бар. Алайда заңға бағынбай, ұстаздарды артық жұмысқа жегу тоқтар емес. Министр бірнеше күн бұрын мұғалімдерге көше сыпыртқандар туралы жазды. Енді мұғалімдер тікелей өз міндетімен ғана қашан айналысады? Неліктен білім басқармалары тиісті тапсырманы орындамай отыр?», - деген сұрақ қойылды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өз жауабында вице-министр «Педагог мәртебесі туралы» заңның 2019 жылы қабылданғанын еске салды.

«Бұл бағытта Білім министрлігі жұмыс атқарып келе жатыр. Жергілікті жерлердегі білім мен ғылым сапасын қамтамасыз ету департаменттері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін мұғалімдерді әдеттен тыс жұмысқа тарту фактілері бойынша 200-ден астам әкімшілік іс қозғалып, заңбұзушылыққа жол бергендер тиісті жауапқа тартылды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады», - деді Ш. Қаринова.


Up