Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталынан 367 мың қызмет алған

17 January 2022 14:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 367 мыңнан астам қызмет алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жыл ішінде ә леуметтік қызметтер порталы арқылы 266,3 мыңнан астам мүгедек тігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мыңнан астамы – ымдау тілі қызметін, 34 мыңнан астамы – жеке көмекшінің қызметін, 61 мыңға жуығы – санаторлық-курорттық ем алды.

Сондай-ақ, портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 232 мың тапсырыс рәсімделді.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады.

Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 792 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 164 ОТҚ жеткізуші, 15 мыңнан астам жеке көмекші, 262 ымдау тілін қызметін, 67 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.


Up