Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мүлік салығы бойынша берешегі жоғары өңірлер аталды

27 November 2021 20:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлік салығы бойынша тұрғындар берешегі жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Борышкерлердің саны ең көп қалалардың көшін бастап тұрғандар: Шымкент қаласы – 602,5 млн теңге жалпы берешегі бар 65 мың жеке тұлға, Алматы қаласы – 628,6 млн теңге жалпы берешегі бар 58 мың жеке тұлға және Нұр-Сұлтан қаласы – 438,1 млн теңге жалпы берешегі бар 38 мың жеке тұлға», - делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 млрд теңгені құрайды.

«2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталды. Содан кейін салық органдары борышкерлерге салық берешегі туралы хабарлама жіберген болатын. Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (2917 теңге) мөлшерінде салық берешегі төленбеген жағдайда салық органы салық бұйрығын шығарады», - деп атап өтеді комитеттен.


Up