Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілді - Ералы Тоғжанов

20 May 2022 12:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап мектеп пен ата-ананың тәрбие процесіндегі өзара жауапкершілігіне арналған «оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілді.

Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар – елдің ертеңі, мемлекетіміздің тірегі екені сөзсіз. Қазақстан халқының 20%-ын жастар құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа Қазақстан» құру идеясын жүзеге асыруда жастардың орны ерекше. Сондықтан Үкімет жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау бойынша кешенді жұмыстарды іске асыруда. Біріншіден, басты басымдық жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына жол ашатын сапалы білім беру. Бұл ретте білім ұйымдарында оқытумен қатар тәрбиенің рөліне аса мән берілуде. Осы мақсатта биылдан бастап мектеп пен ата-ананың тәрбие процесіндегі өзара жауапкершілігіне арналған «оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілді. Бұл ата-аналар қауымдастығын мектептегі тәрбие ісіне көптеп тартуға бағытталған (ата-аналар консилиумы, академиясы)», - деді Е. Тоғжанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы М. Әшімбаев барлық реформаның түпкі мақсаты жастардың әл-ауқатын арттыруға әрі олардың дамуына жағдай жасауға арналғанын атап өтті.

Сонымен қатар ол университет бітірген түлектерге еңбек нарығында сұраныс жоқ екенін айтты.



Up