Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

17 September 2021 11:35

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат жазғандай , Оралда орман маңынан белгісіз әйелдің мүрдесіі табылған болатын.

Кейін анықталғанындай, марқұм 1999 жылғы қыз болып шықты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аса ауыр қылмыстың ізі суымай ашылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында 1994 жылғы ер адам полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді» деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Up