Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда он жасар бала ағаштан құлап, ауруханаға түсті

18 October 2021 13:44

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда он жасар бала ағаштан құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні шамамен сағат 19.00-де Қ.Аманжолов көшесінде болды.

Он жасар бала шамамен биіктігі 4 метр ағаштан құлаған. Содан кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

БҚО полиция департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, бала бас пен мидың жарақатын алған. Қазіргі кезде ол амбулаторлық ем алуға жолданды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 6 пәтерлік тұрғын үйдің өртеніп кеткенін, Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адамның мерт болғанын жазған едік.


Up