Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда карантин жеңілдетілді

20 September 2021 13:30

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Республикалық арнайы комиссияның қаулысымен бүгін, 20 қыркүйектен бастап Өзбекстанда ашық алаңдар мен жабық кешендерде іс-шаралар өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

«Арнайы комиссияның кезекті отырысында республикадағы карантиндік талаптарды жұмсарту арқылы тұрғындардың демалыс күндерін мазмұнды өткізуге және мәдени-рухани азық алуға қолайлы жағдайлар жасау мәселесі жан-жақты талқыланды.

Атап айтқанда, тиісті органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Республикалық арнайы комиссияның 2021 жылдың 20 қыркүйегіндегі шешімі бойынша мәдени-сауық шаралары (театр, кино, концерт залдары), бұқаралық шаралар мен кездесулерді ашық алаңдар мен жабық кешендер де өткізуге рұқсат берілді», делінген хабарламада.

Мәдени, ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар мен кездесулерді ұйымдастыруда келесі карантиндік шектеулер сақталады:

Мәдени ойын-сауық нысандарының (театр, кинотеатр, концерт залдары) жұмысшылары мен қызметшілері және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушылар, қызмет көрсетушілер коронавирустық вакцинаның кемінде 2 дозасын (вакцинаның кез келгені) қабылдағаны бойынша QR-кодты сертификаты болуы тқажет;

Ойын-сауық орталықтарына (театр, кинотеатр, концерт залдары) келушілер;

медициналық маскада болу;

антисептиктерді қолдану;

нысанға кіру кезінде дене температурасын өлшеу сияқты маңызды санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауы тиіс.

Бұл ретте атаулы нысан аумағына (театр, кино, концерт залдары) және көпшілік жиналатын іс-шараларға коронавирусқа қарсы вакцинация туралы QR-код сертификаты бар келушілерді ғана (денсаулығы бойынша қарсы көрсеткіштері бар азаматтарды қоспағанда) кіргізу ұсынылды.


Up