Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Перуде шағын автобус жардан құлап, 10 адам қаза тапты

30 November 2021 11:15

БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат – Перудің солтүстік-шығысында шағын автобус жардан құлап, апат салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты, жеті адам зардап шекті. Бұл туралы дүйсенбі күні RPP радиостанциясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректер бойынша, шағын автобус 300 метр биіктіктен құлаған. Аман қалғандар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Автобус Чачапояс елді мекенінен Майобамба қаласына қарай бағыт алған.

Полиция болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр.


Фото: europeworldnews.com

Keywords: Әлем, Оқиға,
Up