Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Премьер-Министр 40 млрд доллардың импортын алмастыру міндетті туралы айтты

21 January 2022 19:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық бизнестің алдында 40 млрд доллардың импортын жергілікті өніммен алмастыру міндеті тұр. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, біздің алдымызда инвестициялық ахуалды жақсарту міндеті тұр. Бәсекелестік артықшылықтар мен әлеуетті бағыттарды ескерсек, біздегі бизнестің қолында жыл сайынғы 40 миллиард доллардың импортын алмастыру мүмкіндігі бар. Үкіметтің міндеті – бизнеске мүмкіндіктерді іске асыруға көмектесу», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ ол ірі бизнес өкілдерін мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың тетіктері мен рәсімдері ашық болатынына сендірді

«Біз инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды бизнеспен талқылауға дайынбыз. Оған қоса экономиканың өнімділігі мен технологиялық құрылымын цифрлық трансформация арқылы арттыруға ықпал етеміз.

Мұның бәрі, сайып келгенде, еңбекке жарамды халықтың табысының өсіруі керек», - деді Әлихан Смайылов.


Up