Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент 2023 жылы Атырау кәріз-тазарту қондырғысы құрылысын аяқтауды тапсырды

22 April 2021 15:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылы Атырау қаласының кәріз-тазарту қондырғысы құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Атырауға жақын орналасқан «Тухлая балка» булану алаңы қаланың экологиялық ахуалын нашарлатып отырғандығын баса айтты.

«Үкіметке, «Самұрық-Қазына» қорына және облыс әкімдігіне булану алаңын қалына келтіруді, сонымен қатар 2023 жылы қалада кәріз-тазарту қондырғысы құрылысын толықтай аяқтауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары да экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл проблеманы шешу үшін мемлекеттік-жекешелік серіктесті тетіктерін белсенді түрде қолдану қажет.

«Қайталап айтамын, заңнамалық әрі реттеушілік тетіктер қабылданып қойды. Iс жүзіндегі жұмыс әкімдіктерге қалып отыр. Өңірдегі экологиялық ахуалға кешенді мониторинг жүргізуге үкіметтік емес сектор мен салалық үкіметтік емес ұйымдарды белсенді түрде тарту қажет», - деді Мемлекет басшысы.


Up