Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейлік азамат 9 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

8 December 2021 21:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 9 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында қос азаматтық фактілерін анықтауда.

«Мәселен, 2006 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінде сол елдің азаматтығын алған ер адам тіркелді. Ол соған қарамастан 9 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы алып келген. Аталған факті бойынша оған ҚР ӘҚБК-нің 496-бабына сәйкес 100 АЕК сомасында айыппұл салынды», -деді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сонымен қатар 2020 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алған Ұлан ауданың тұрғыны бұл жайлы полиция органдарына хабарламаған. Сот шешімімен ол елден қуылды.


Up