Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат Нұрлан Нұржановты Есеп комитетінің мүшелігіне тағайындады

24 June 2021 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституцияға сәйкес, Сенаттың квотасы аясында Есеп комитетінің мүшесі қызметіне кандидатураны Сенат төрағасы ұсынады. Осыған байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне осыдан бес жыл бұрын тағайындалған Нұрлан Амангелдіұлы Нұржановты жаңа конституциялық мерзімге тағайындауды ұсынамын», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Палата депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Н. Нұржанов жоғары санаттағы мемлекеттік аудитор. Қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит жөніндегі халықаралық сертификатқа ие. Осы уақытқа дейін Есеп комитетінің мүшесі қызметінде.




Еске сала кетейік, 2016 жылы Парламент Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов тағайындалған болатын.



Up