Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 11 нысан Ashyq жобасынан шығарылды

17 June 2021 00:47

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 11 нысан Ashyq жобасынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша Ashyq жобасына 624 нысан қатысуда. Оның ішінде 80-і тест режимінде жұмыс істеп жатыр. 24 мамыр мен 6 маусым аралығында облыстың 12 кәсіпкерінде келушілерді QR коды бойынша тіркеу жүзеге асырылмаған.

«Соған орай 11 бизнес өкілі екі апта мерзімге жобадан шығарылды. Оның ішінде қоғамдық тамақтану орындары, компьютерлік клубтар, бассейндер, фитнес орталықтар, сауналар, спорт залдары, демалыс және курорттық нысандар бар», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде 26 сәуірде іске қосылған Ashyq жобасы бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған. Арнайы жасалған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілген. Бұл әр азаматтың қауіпті дертке шалдыққанын немесе ауырғандармен байланыста болғанын анықтауға мүмкіндік береді.


Up