Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да ірі көлемде пара алған аудан әкімінің орынбасары түрмеге қамалды

28 September 2021 15:02

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Глубокое аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың сәуіріне дейін аудан әкімінің орынбасары болып қызмет еткен айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес (ірі көлемде пара алу) іс қаралды.

«К. есімді азамат ЖШС-лардың бірінен жолдарды тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына, сондай-ақ ауылдағы төтенше жағдайды жоюға аудандық бюджеттен ақша бөлгізіп бергені үшін 400 000 теңге көлемінде пара алған. Сотталушы қаражатты алып жатқан жерінен ұсталды», - делінген ақпаратта.

Сот үкімімен айыпталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығын өмір бойына жоғалтты.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Up