Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

30 July 2021 01:06

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен Өскемен қаласының тұрғынын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды байқап қалып, бірден көмекке ұмтылған. Оны судан алып шыққан соң, аты-жөнін сұрады. Сол кезде азамат өзінің адасып кетіп, үйіне қайта алмай жүргендігін жеткізген.

«Анықталғандай, Александр Гурбанов 16 шілдеде жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. 3 күннен кейін оның әйелі полицияға жүгініп, күйеуінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен оны табу мүмкін болмаған еді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адам өз кезегінде өмірін ажалдан арашалап қалған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Up