Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да күн сайын 13 мыңға жуық адамға вакцина салынуда

3 August 2021 23:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала, аудан басшыларымен шағын және орта бизнес өкілдерінің «Ashyq» жобасына қатысуына байланысты жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ол Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Кәсіпкерлердің жұмысын тұралатып алмай, халықтың да қауіпсіздігін қаперден шығармай, қалыпты өмірді қамтамасыз етудің жалғыз жолы – «Ashyq» жобасы. Осы сияқты бағдарламалар мен қосымшалар әлемнің барлық өркениетті елдерінде қолданылуда. 20-тамызға дейін қалалар мен аудандардың әкімдері кәсіпкерлермен кездесіп, «Ashyq» жобасына қаншасының қатысып жатқандығын, қалғандарының дайындығы қай деңгейде екендігін, бағдарламаға қосылуда қандай да бір кедергілер бар ма, соның бәрін анық көрсетулері тиіс», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, өңірде халықты вакцинациялаудың қарқыны жақсы. Бүгінгі таңда күніне 13 мыңға жуық адамға вакцина салынуда.

«Алдағы уақытта күніне 16 мың дозаға дейін жетеді деген жоспар бар. Біз тек осылай ғана коронавирус инфекциясының таралуын төмендетіп, жақындарымызды індеттен құтқара алатынымызды ескеруіміз керек», - деді облыс әкімі.

Up