Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жол ережесін бұзған 40 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды

17 September 2021 14:35

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол ережесін бұзған 40 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Борышкер» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде 11 млн теңгеден астам айыппұл өндірді. Сондай-ақ берешегі бар 40 жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына жеткізілген.

«Мәселен, полиция қызметкерлері Lexus автокөлігін тізгіндеп келе жатқан Өскемен қаласының 45 жастағы тұрғынын тоқтатты. Белгілі болғандай, оның «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешен камераларына 20 рет жол ережесін бұзғаны тіркелген. Алайда ер адам бірде бір айыппұлды төлемеген. Жүргізушінің жалпы қарызы – 293 450 теңге», - делінген ақпаратта.

Қала тұрғынының көлігі айыппұлдар толықтай өтелгенше мамандандырылған тұраққа қойылды.


Up