Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО полицейлері бір айда 37 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

24 June 2021 14:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бір айда 37 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері жол жүрісі ережелерін бұзушылықтардың, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, басып озу қағидаларын, жылдамдық режимін асыру, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер жолағынан өту қағидаларын бұзушылықтарды анықтады.

- Соның нәтижесінде, полицейлер 1 айда 37 000 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде 9 000 мыңға жуық жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы, 212 мас күйде көлік басқару фактісі, 141 қозғалыстың қарама-қарсы жолағына шығып кету фактісі анықталған, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 900-ден астам көлік құралын пайдалануға тыйым салынса, 400 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.


Up