Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО Жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

26 November 2021 10:58

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жаңа басшысы болып Альмира Мусинова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Альмира Әскерханқызы – 1976 жылы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Медведка ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Жезқазған қаласының ІІБ жеке күзет батальонының сержанты болып бастады.

2009-2010 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы. 2010-2011 жылдары аталған әкімдікте әлеуметтік-саяси жағдайды талдау бөлімінің меңгерушісі.

2011-2013 жылдары аралығында Өскемен қаласы әкімінің әлеуметтік блок бойынша бас инспекторы болды. 2013-2014 жылдары қала әкімінің кеңесшісі. 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін – Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

2020 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып еңбек етті.




Up