Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда 66 жылқы ұрлаған ер адам ұсталды

6 December 2021 14:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында 66 жылқы ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудандық полиция бөліміне жүгінген азамат белгісіз біреулердің еркін жайылымнан 66 жылқысын ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Осының салдарынан оған 60 миллион теңге мөлшерінде материалдық залал келді.

«Жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Шаруагер ұялы телефондағы мобильді қосымша арқылы малдың қозғалысын кез-келген уақытта онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін JPS электронды құрылғысын орнатқан. Бұл іздеу жұмыстарының оң нәтиже беруіне өз септігін тигізді. Ұрланған малдың жүрген жерін бақылай отырып, күдікті ретінде Үржар ауданының 47 жастағы тұрғыны ұсталды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі (аса ірі көлемде жасалған мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Up