Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстандағы 6 ауданда сел жүру қаупі жарияланды

21 June 2021 18:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 6 ауданда сел жүру қаупі сақталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде барлығы 23 уческеде сел қаупі бар. Олар 6 ауданда, атап айтқанда Катонқарағай, Зайсан, Үржар, Тарбағатай және Алтай аудандары мен Риддер шаһарында орналасқан.

«Мониторинг нәтижелері бойынша сырғыма құламасы жоқ, суға батқан бөренелер мен кептелістер байқалмайды, топырақ құрғақ. Мореналық көлдердің толуы және арнадан асуы байқалмайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сел қаупі бар учаскелерде 46 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған. Сел қаупі туындаған аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, сол учаскелерде орналасқан кәсіпорындардың басшыларына және жергілікті тұрғындарға 32 ескерту хабарлама жіберілген.





Up