Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктер үшін неше адам ұсталды

17 January 2022 20:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сана Сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының директоры Шахноза Хасанова Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктер барысында неше адам ұсталғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қазіргі уақытта Ұлттық алдын алу тетігі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Үйлестіру кеңесінің мүшелері Ішкі істер министрлігімен, прокуратура органдарымен тығыз өзара іс-қимылды жүзеге асыруда. Шымкент қаласы прокуратурасының ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта ішкі істер органдарына 3521 адам жеткізілді, оның 498-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура 178 наразылық шығарды, соның нәтижесінде 146 адам босатылды, 32 адамға қатысты айыппұл түріндегі жаза ескертуге ауыстырылды», - деді Ш. Хасанова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, әкімшілік жауапқа тартылған тұлғалардың 380-і Шымкентте, 107-і Түркістан облысында, 3-і Алматы облысында, 4-і Таразда, 2-і Атырауда және біреуі Ақтауда тұрады.

Қалған 3034 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, босатылды.

«4-7 қаңтар аралығында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған құқықбұзушылық фактілері бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыстық істердің барлығы Шымкент прокуратурасының арнайы прокурорларының іс жүргізуінде жатыр. Құрамына прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ІІБ, ПД қызметкерлері кіретін 52 қызметкерден тұратын ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Шымкент қаласының мәйітханасына жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 18 адамның мәйіті келіп түсті, олар кейіннен жерлеу үшін туыстарына берілді», - деді Шахноза Хасанова.


Up