Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да сайлаудың алғашқы қорытындысы шығарылды

25 July 2021 23:12

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыстың барлық 174 сайлау учаскесінде дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 20.00-де аяқталды. Жалпы сайлаушылар санының 87,08 %-ы айлауға қатысып, дауыстарын берді.

Оның ішінде:

Айыртау ауданында 3844 сайлаушы немесе 87,13 %;

Аққайың ауданында 8142 сайлаушы немесе 89,77 %;

Есіл ауданында 7974 сайлаушы немесе 83,62 %;

Жамбыл ауданында 4539 сайлаушы немесе 87,59 %;

М. Жұмабаев ауданында 3114 сайлаушы немесе 91,43 %;

Қызылжар ауданында 6532 сайлаушы немесе 84,37 %;

Мамлют ауданында 6397 сайлаушы немесе 90,97 %;

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында 2085 сайлаушы немесе 84,69 %;

Тайынша ауданында 3120 сайлаушы немесе 83,00 %;

Тимирязев ауданында 1571 сайлаушы немесе 87,72 %;

Уәлиханов ауданында 878 сайлаушы немесе 95,33 %;

Шалақын ауданында 3675 сайлаушы немесе 87,17 %-ы қатысты.

Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сайлаушылар 100 % үш ауылдық округте қатысты. Олар - Мағжан Жұмабаев ауданының Ұзынкөл ауылдық округі, Тайынша ауданының Теңдік ауылдық округі және Уәлиханов ауданының Қаратерек ауылдық округі.

Ал Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінде сайлаушылардың тек 67,87 %-ы ғана дауыс берді.

Сайлау барысында аумақтық сайлау комиссияларына өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың дауыстарын санап жатыр.


Up