Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстанда бомба жайлы өтірік айтқан 8 «телефон террорисі» жазаланды

27 October 2021 10:18

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері соңғы бес жылда сегіз «телефон террорисін» қылмыстық жауапқа тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Телефон террористеріне» бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұл - ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаудың) максималды санкциясы.

Соңғы бес жылда Солтүстік Қазақстан облысында жарылғыш заттың қойылғандығы туралы «қалжыңы» үшін сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бірінің 3-4 жылға түрмеге қамалуына тура келді, келесі бір «қалжыңбас» ұзақ мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жазасын өтеген соң олардың әрқайсысы полицияның ерекше назарында болады: бұрын сотты болған тұлғалар сияқты олар да есепте тұрады, учаскелік полиция инспекторлары оларды тұрғылықты жерлері бойынша тексереді.

Бұл - әдетте алкогольді мас күйде жасалған «қалжың» қоңыраудың өтемі.

– Осындай әр факті бойынша қаншама полицияның күші мен құралдары, өкілдері тартылады, – деді СҚО полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев. – Өмірдің күнделікті қалпы бұзылады, адамдар мазасызданады. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халыққа ақпараттық жұмыс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен көзделген жауапкершілік шараларын еске салады.


Up