Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Соңғы 3 айда КВИ-мен науқастанғандар саны 4,2 есеге азайды

30 November 2021 09:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 3 айда КВИ-мен науқастанғандар саны 4,2 есеге азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің қамтылуы 56 пайыздан 29 пайызға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 45 пайыздан 23 пайызға дейін төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар. Емдеуді жалғастырушылар саны азайды. Соңғы үш айда науқастар саны 4,2 есе азайды», - деді бірінші вице-министр.

Ол халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасып жатқанын айтты.

«1-компонентпен 8,7 млн адамнан астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 76,6 пайызы немесе жалпы халықтың 46,2 пайызы қамтылды. Екінші компонентпен тиісті халықтың 70,8 пайызын немесе жалпы халық санының 42,7 пайызын қамти отырып, 8 млн-нан астам адам егілді», - деді Марат Шоранов.


Up