Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио олимпиадасы: Жеңіл атлет Ольга Сафронова жартылай финалға шыға алмады

2 August 2021 10:21

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика сайыстары басталды. Бүгін, 2 тамыз күні әйелдер арасында 200 метр қашыққа іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан сапынан аталған санат бойынша Ольга Сафронова қатысты. Тиісті қашықты 23,64 секундта бағындырған ол өз тобында алтыншы болды.

Айта кетерлігі, 1-3 орын алған спортшылар жартылай финалға жолдама алды.


Фото: Владислав Семёнов, Қазақстан ҰОК

Up