Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұңғыш Президент күні: Атырауда 1 мың отбасыға азық-түлік көмегі берілді

1 December 2021 17:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Тұңғыш Президент күнінде 1 мың отбасыға азық-түлік көмегі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, азық-түлік көмегін беруге «Халық» қайырымдылық қоры қолдауы көрсеткен.

«Облыста барлық санаттағы мүгедектердің саны 23 013 адам. Бұған қоса әлеуметтік тұрмысы төмен топқа жататын жалғызбасты қариялар мен көпбалалы аналар да бар. Тұңғыш Президент күнінде 1 мың отбасыға азық-түлік көмегін берудегі мақсатымыз – барлық санаттағы отбасыларды қамтып, қолдау көрсету. Азық-түлік көмегін алғандардың қатарында Атырау қаласының тұрғыны Нұргүл Ақтілеуова да бар. Ол денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз болған. Бірақ, өзін-өзі қамту үшін қысқа мерзімді курста оқығысы келеді. Біз оның бұл тілегіне қолдау көрсетеміз», - дейді Азамат Мәмбетов.

Оның сөзіне сенсек, мұндай қолдау іс-шарасы жыл басынан бері үшінші рет ұйымдастырылған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүгедек жандарға азық-түлік үлестіруден бөлек, материалдық қажеттілігін қамтитын өзге де шаралар жалғасын табады. Ал, бүгінгі азық-түлік тауарлары салынған жәшіктерді отбасыларға жеткізуге ерікті жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері атсалысты.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылғанын жазған едік.








Up