Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысы әкімінің орынбасары жаппай вациналау барысымен танысты

22 April 2021 19:56

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация шараларының жүргізілу барысын тексерді. Облыстағы жалпы жағдай туралы облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Сабитов жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданына барып, орталық аурухана және емхана ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер компанияларға құрылыстың сапалы және мерзімінде тапсырылуы керектігі айтылды.

«Бұдан басқа, Қызылқия ауылдық округіне қарасты Ынталы елді мекеніндегі осыдан 50 жылдан астам уақыт бұрын асарлатып салынған фельдшерлік-акушерлік пунктінің ескірген ғимаратын аралады. Сапар барысында типтік үлгідегі жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктті салу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ Қызылқия ауылдық округі, Айнатас-2 елді мекеніндегі 2018 жылы қолданысқа берілген жаңа модульді медициналық тірек пен орталық аурухананың COVID-19 қарсы вакциналау жұмысымен танысты», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.




















Up