Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында жеңілдетілген несиемен кәсібін дөңгелеткендер қатары көбейіп келеді

29 September 2021 00:26

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары артып келеді. Жыл басынан бері Қазығұрт ауданында 2,5 мыңнан астам тұрғын қаржы ұйымдарынан 2 млрд 283 млн теңге жеңілдетілген несие алып, өз жұмыстарын бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев несие алып, өз жұмысын бастаған бірқатар кәсіпкерлердің жұмыс барысымен танысты. Қазығұрт ауыл округіндегі тұрғындардың бірі 3,5 млн теңге қаржы алып, өз үйінің мал қорасында ірі қара мал бордақылауда.









Өзге тұрғын 2,5 млн теңге қаржыға өз ауласынан шағын газоблок шығарып, келешекте арнайы цех құрылысын салмақ. Сөйтіп өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жергілікті тұрғын Нұржан Мұратов жиһаз жасау цехын ашып, аудан азаматтарын жұмыспен қамтуда. Тағы бір ауыл тұрғыны Жоралы Нарымбетов 6,8 млн теңгеге өз ауласынан қора салып, 6 түйе асырауда. Қымыран дайындап, көпшіліктің ықыласына бөленуде. Алдағы уақытта түйе басын көбейтуді жоспарлауда.





Up