Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда ерікті азаматтарға отандық TURKOVAC вакцинасы егіледі

15 October 2021 15:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның e-Nabız веб-сайтына еріктілерден COVID-19 вирусына қарсы отандық TURKOVAC вакцинасының үшінші дозасын салуға өтінімдер түсе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өтінімдер елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған Түркия тұрғындарын ел ғалымдары жасап шығарған TURKOVAC вакцинасының үшінші дозасын салдыртуға үндеген соң түсе бастады.

TURKOVAC вакцинасының бустерлік дозасын салдыртуға еріктілер бұған дейін вакцинаның қос дозасын алған және COVID-19 вирусымен ауырған18-59 жас аралығындағы азаматтар қатарынан таңдалады.

TURKOVAC вакцинасының үшінші дозасын салдыртуға ниет білдірген азаматтар enabiz.gov.tr веб-сайтына кіріп, (Вакциналарды зерттеуде ерікті болу) батырмасын басуы тиіс.

Вакцинаны зерттеуге қатысу үшін барлық критерийлерге сәйкес болған кандидаттар e-Nabız сайтында ақпараттандырылады.

TURKOVAC вакцинасының бустерлік дозасы 41 медициналық орталықта, ең алдымен қалалық ауруханаларда енгізілуде. Оны Түркияның түкпір-түкпіріндегі барлық тұрғындар салдырта алады.

TURKOVAC отандық вакцинаның сериялық өндірісін іске қосу үшін оған кем дегенде 3 мың ерікті қатысуы қажет.


Up