Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда коронавирус қайта өршіді

12 October 2021 20:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияда бір күнде 30 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Бұл өте жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Түркияда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа максималды деңгейі тіркелді – 30 563, қайтыс болғандар саны – 188 адам. Соңғы рет жоғары көрсеткіш сәуір айының соңында тіркелді, бірақ қатаң карантин шараларына байланысты азайған болатын. Шектеулерді алып тастағаннан кейін күнделікті өсім қайта артты. Қазір Түркияда азаматтарды вакцинациялау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 54 миллионнан астам азамат алды, екі дозаны алғандар саны 46 миллионнан астам.

Фиджи Республикасы қысқа қарай көптеген елдердің саяхатшылары Океаниядағы осы архипелагқа барғанды ұнататын саланың жұмысын қалпына келтіруге ниетті. Туристер елге қараша айының ортасында кіре бастайды.

Үкімет басшысы Фрэнк Баинимарамның айтуынша, аралға вакцинация курсынан толық өткен және ПТР-тестің теріс нәтижесін ұсынған Австралия, Ұлыбритания, Германия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Жапония, Швейцария, Қатар, Канада, БАӘ және Испания елдерінің азаматтары келе алады. Фиджиде пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырған 51 мыңнан астам адам анықталды, 653 адам қайтыс болды.


Up